АҚШ елшілігі Қорғалжын қорығына қолдау көрсетуде (видео)
Қорғалжын экологиялық обсерваториясы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен Ақмола облысы аумағында оқушыларға экологиялық тәрбие беру бағдарламасына орнитологиялық зерттеулерді енгізу бойынша жартыжылдық жобаны жүзеге асырудың қорытындысын шығаруда.
Жобаның серіктестері: ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты», Қорғалжын ауданының әкімдігі, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, Ұлттық Дельфий Комитеті және Америкалық орнитологтар қоғамы.
«2018 жылдың тамыз айынан бастап жоба Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің шағын гранттарының қолдауымен жұмыс істеді. Гранттық қолдау көрсетілген 6 ай ішінде құстарды зерттеудің авторлық әдістемесі әзірленді, әртүрлі дайындық деңгейіндегі оқушыларға арналған 3 білім беру бағдарламасы құрастырылды, еліміздің бағдарламаны тестілеуші 126 оқушының топтық сапарлары ұйымдастырылды, құстар үйшіктерін жасайтын шеберхана жасақталды, оптикалық құрылғылар сатып алынды», — деп бөлісті жоба авторы, Қорғалжын экологиялық обсерваториясының директоры Құралай Түспекова.
Жоба ұйымдастырушылары қазіргі уақытта алған бағалар мен пікірлер негізінде білім беру-әдістемелік бағдарламасын әзірледі. Оны Ақмола облысының Білім басқармасына таныстыруда, ал кейін ҚР Білім және ғылым министрлігіне таныстырады.
«Бүгінгі таңда экологиялық білім саласы толық әзірленбей отыр. Сәйкес келетін кәсіби мамандардың жоқтығынан бөлек елімізде орнитология ғылымы жоқтың қасы деуге де болады. Ал біздің жоба дәл дегендей табиғатты қорғау және зерттеу жұмыстарын Қазақстанның бірегей орындардың бірі – Қорғалжын мемлекеттік қорығынан бастауға бағытталған. Тек оны тираждап, тарату керек, қоғамның азаматтық белсенділігін дамыту керек, экологиялық мәдениеттің дамуына ең алдымен балаларды тарту керек. Міне осы мақсатпен біз берілген бағдарламаны әзірледік», — деп атап өтті Құралай Түспекова.
Белгілі болғандай, жоба құстарды табиғи мекендеу ортасында, яғни Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында бақылауға негізделген. Обсерваторияның мәліметтері бойынша Ақмола облысының аумағында Қазақстанда мекендейтін 500-ге жуық құстар түрінің 380-ге жуығы мекендейді.
Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің мекетеп бағдарламасында Ақмола облысының ерекше табиғи резерсаты туралы ақпарат жеткіліксіз. Соған байланысты обсерватория өкілдерінің күшімен бірнеше елордалық мектептерде «Жас орнитолог» пилоттық жобасы іске қосылды.