АЙМАҚБасты жаңалықтарБәйтерек ауданыҚоғамӨҢІРЛЕР

Ауыл халқы полицияның дәрменсіздігіне күйініп отыр (видео)

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылында  тұрғынның малын 26 қаңтар күні қорасынан ұрлап кеткен. Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталы хабарлады.

Ерлан Насыровтың айтуынша,  таңертең  мал жайлауға шыққан баласы қораның ашық-шашық жатқанын көрген. Бордақылауда тұрған үш бұқаның біреуі жоқ болып шығады. Әлденеден сезіктенген ұлы Нүркен Меңдешов айналадағы ізбен жүріп, үйдің жанындағы бұзылып жатқан фабриканың маңына дейін келіпті. Ұрылар осы жерде малды сойып, бас-сирағы мен ішек-қарынын қиранды құрылыстың арасында тастап кеткен.

Ауыл тұрғыны Ерлан Насыровтың сөзінше, осымен бірнеше рет малы ұрланған. Күзде соғымға дайындап отырған қашарын өрістен сойып алып кетіпті. Оның алдында да 4 сиыры мен 10 қойын қорасынан жетектеп кеткен. Полицияға талай арызданғанымен, ешқандай нәтиже жоқ. Алты  баласын табан ақы маңдай терімен асырып отырған отбасы «шыдамымыз таусылды» деп налиды. Полициядан «несібемізді ұрлаған баукеспелерді қалайда ұстап, тиісті жазасын беруін» талап етеміз дейді.

Учаскелік инспектор Амангелді Мекиннің айтуынша, қазір осы мәселе бойынша іздестіру жұмыстары басталған.    Щапов ауылының әкімі Біржан Нұрбайыров та мал ұрлығына қатысты оқиғаның бақылауда екенін мәлімдеп отыр. Оның сөзіне сенсек, ауылға бейнебақылау камерасын орнату жөнінде мәселе көтеріп жатырған көрінеді.

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button