ӘлемБасты жаңалықтарМәдениет

Сыр өңірінің өнерпаздары Париж халқын тәнті етті

Қазақстандық өнерпаздар Эйфель мұнарасының жанында шағын концерт қойды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы күндері Парижде Еуропадағы қандастар мен отандастар Құрылтайы өтіп жатыр. Соған арнайы келген Қызылорда облыстық филармониясының әртістері Трокадеро алаңында қазақ әндері мен билерін орындады.
Жиналған туристер өнерпаздарға қосылып билеп, қазақ өнерін видеоға түсірді.

А. Нәби

Басқа материалдар

Back to top button