“Әзіл әлемінің” жігіттері тарап кетті ме?

Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі келіншегіне осындай сұрақтар жиі қойылады екен. Ел-жұртты толғандырған сауалға Айман ханым әлеуметтік желідегі парақшасында жауап беріпті.
Оның сөзінше, Қайрат Әділгерей, Қанат Әлжаппаров, Аманғали Сыпабековтермен Тұрсынбектің қарым-қатынасы өте жақсы. Барлығы жеке концерттерін өткізер алдында, гастрольге шығарда мәдениетті түрде Қабатовтың алдынан өтеді екен. Қазір бәрінің дүркіреген аты бар, бұрынғыдай 7-8 минуттық қойылыммен сахнаға шықпайды. Әр қайсысына 20-30 минуттан берілсе, “Әзіл әлемінің” концерті 3-4 сағатқа созылып кетуі мүмкін.
-Сондықтан тарап кетті, өшіп қалды деу бос әңгіме. Алдағы уақытта мерейтойлық концерттер беретіні анық. Біздің жігіттер жетістіктерге жетіп, жеке концерт берген сайын Тұрсынбектің мақтанып, марқайып отыратыны рас,- дейді Айман Талғатқызы.
ФОТО: Ашық дереккөз





