Басты жаңалықтарҚоғам
Қонаевтың аспазы болған адам қарттар үйінде жүр
Дінмұхамед Қонаевтың резиденциясында жұмыс істеген аспаз әйел қазір Қонаев қаласындағы қарттар үйін паналайды екен. Бұл туралы “Хабар” арнасы көрсетті.
Өткен күндерді еске алған Зиягүл Жандаркеева Дінмұхамед Қонаевтың қарапайымдылығы мен кішіпейілдігін, дастарханның басына келгенде барлығының жағдайын сұрайтын парасатты болмасын тебірене әңгімеледі.
Тұрмысқа шыққанымен дәм-тұзы жараспаған, бала болмаған. Ауырып қалған соң бауырларына бағу болмай, әлеуметтік мекемеге келуге бел байлапты.
А. Нәби



