Басты жаңалықтарҚоғам
Сынықшы Бағдагүл Amanat пен «Әділет» партиясының қосылғанына жүрегі жарылып қуанды

Ақтөбелік емші, сынықшы Бағдагүл Лепесова Amanat пен «Әділет» партиясының қосылғанына қатты қуанып жатыр. Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан ол екі саяси ұйымның бір тудың астына жұмылғанын жақсылыққа балап отыр. Әйтпесе, алдағы сайлауда екі партия халықты екіге бөліп,» жік туа ма» деп сынықшы ханым ұйықтай алмай жүр екен. Amanat-тың шешімінен кейін Бағдагүл Лепесованың көңілі орнына түсіп, ұйқысы да тынышталыпты.
Tiktok-та тікелей эфирде емші шетелге жиі баратынын, басқа мемлекеттегі халықтың Қазақстанды білетінін, құрметтейтінін көріп, Президенттің сыртқы саясаттағы жемісті жұмыстарының нәтижесі екенін де атап өтті.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



