Басты жаңалықтарВидеоМәдениет

Мақпал Жүнісова тойып алыпты

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қараөзен ауылының 60 жылдығына барған Мақпал Жүнісова өңірдің қонақжайлығына риза болыпты.

Концертінің алдында  Қараөзен ауылына іргелес жатқан Жалпақтал кентінде белгілі композитор, өнер жанашыры Баян Қабиеваның дастарханынан дәм татқан Мақпал, ел алдында тамаққа тойып алғанын айтты.

-Тойып алдық дегенге басқа нәрсе деп ойлап қалмаңдар. Тұзымыз жеңіл адамдармыз. Өмір бақи онымен айналыспасақта, солай атымыз шығып кетті. Біздікінің бәрі көрініп тұрады ғой. Сондықтан мен оған қатты қайғырып жүрген жоқпын. Айтқан адам айта берсін. Өзім аман болсам болды,-деді әнші.

А. Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button