Басты жаңалықтарҚоғам
Меруерт Түсіпбаева өзінен басқа Павлодардан шыққан танымал адам жоқ екенін айтты

Әлеуметтік желіде тараған видеоларының бірінде Меруерт Түсіпбаева депутат болуға таныс жоқ екенін айтыпты. «Көтермелейтін адам жоқ» деген әнші тіпті туған күнінде Павлодар облысынан бір адам құттықтамайтынын айтты.
-Негізі мен Павлодар облысынан жалғыз әншімін. Мені елеп-ескермейді. Павлодар облысынан танымал адам бар ма менен басқа? Шымкенттен көп. Ақтаудан көп. Тараздан көп. Шын мәнінде тіпті жерлестерімде қолдамайды,-деді Меруерт Түсіпбаева.
Депутат болудың маңыздылығын, өнерден басқа ешқандай салада білім алмағанын айтқан әнші «әр адам өз орнында болу керек. Блогер, әнші-биші, спортшылар отырды. Екі сөздің басын құрап айта алмайды. Ұят. Мен құптамаймын» деді.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



