Басты жаңалықтарҚоғам

Мүфтият чайлдфри туралы үкім шығарды

Чайлдфри идеологиясы ислам шариғатына қайшы. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы саналы түрде балалы болудан бас тартатындарға қатысты үкім шығарды. Қоғамда белең алып бара жатқан бұл ұғым отбасы институтын әлсіретіп, ұлттың болашағына кері әсерін тигізеді, дейді дін өкілдері. ҚМБД-ның ресми сайтындағы мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылардың денсаулығына байланысты болғанда ғана жүктілікті уақытша кейінге қалдыруға болады. Ал жауапкершіліктен қашып немесе кедейліктен қорқып бала сүюден бас тарту шариғатта құпталмайды екен.

-Бұл жаңағы ұрпақ сүймеу, бұл тектің жойылуына алып келетін нәрсе ғой. Сондықтан шариғатымызда саналы түрде балалы болудан бас тарту бұл шариғатымызда қайшы болып есептеледі. Ал енді кейбір жағдайлар болуы мүмкін ерлі зайыптылардың денсаулығы бір емделуі керек болуы мүмкін, сондай бір үзірлі себептер болатын болса, ол уақытта баланы, жүктілікті кешіктірсе болады,- деді ҚМБД Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button