Қайыр сұрағандарға ақша бергендерді жазалау керек
4 күн демалыстан шыққан депутат Шакир Хахазов бүгін Үкімет басшысына осындай сауал жолдады.
Мәжілісмен алақан жайғандарға тиын-тебен берген азаматтарға айыппұл салу керек деген мәселе көтеріп отыр.
Депутат Хахазовтың пікірінше, тұрақты мекен жайы, жұмысы жоқ жандардың ақша сұрауға бойы әбден үйреніп алған. Тұрмысын өзгертуге, табыс табуға тырыспайды екен олар.
2015 жылы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекс бойынша қайыр тілегендерге айыппұл салу туралы өзгерістер енгізілген болатын. Алайда, тиісті заңнамадан ешқандай нәтиже жоқ. Сондықтан шетелдің тәжірибесін іске асыру қажет, дейді депутат. Кейбір елдерде алақан жайғандарды емес, соларға садақа бергендерді жазалайды екен.
Премьер-министрге жолдаған сауалында депутат тағы бір мәселені көтерді. Көшеде қайыр сұрайтындардың артында белгілі бір мүдделі топтардың бар екенін айтты. Себебі, халық көп жүретін жерлерге арбада отырған қайыршыларды әлдекімдер күндіз алып келіп, кешкісін оны жинаған ақшасымен бірге алып кететінін байқапты. Бұл мәселеге құзырлы органдардың араласуын талап етті.
Суретте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов