Басты жаңалықтар
Астаналық мұғалім автобус сүйреп, рекорд орнатты

Ұстаздың да ұстазы бар, қызығушылығы бір бөлек. Елордалық 55 жастағы мұғалім салмағы 13 тонналық автобусты сүйреп, әлемдік рекорд орнатты. Елордалық ұстаз техниканы 14 метр қашықтыққа 1-ақ минутта сүйреген әлемдегі ең алғашқы әйел адам атаныпты. Қалам-дәптерді ауыр зілтемірге алмастырып, ұзақ физикалық дайындықтан өткен бастауыш сынып мұғалімі осылайша бұл рекордын барша мектеп бітіруші түлектерге арнадым дейді. Желідегі жұрт ұстаздың мықтылығына тәнті болып, жылы лебіздерін қалдырып жатыр.
А.Нәби
ФОТО/Видео: tengrisport.kz



