Басты жаңалықтарҚоғам

Сенатор Бибігүл Жексенбай Астананың базарындағы криминалды көріп шошыды

«4VLASTINFO» порталының тілшілерімен бірге Астанадағы «Алаш» базарына барған Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай сауда орнындағы бірқатар заңсыздықты көрді.

Жоғарғы кернеулі электр бағаларының астындағы сауда-саттық талапқа сай келмейді екен. Себебі, көкөністерге радиация өтеді. Әрі бағаналар құласа, адамға қауіпті.  Бұл мәселені осы ақпарат құралының тілшілерімен бірге «Жасыл желкен» ҚБ басшысы Күлзат Алмажанова да біраздан бері көтеріп жүрген көрінеді.

Сауда орталығындағы жағдаймен танысуға келген сенатордың көзінше  базардың «смотрящийлері» дөрекі сөйлеп, осы жердегі келеңсіз көріністерді айтып, жазып жүрген қоғам белсендісі Күлзат Аманжановаға  былатып сөздер айтқан. Мұны көрген депутат «криминал ғой кәдімгі» деп шошыды.

Сенатор мәселені аяқсыз қалдырмай, тиісті органдармен нақты жұмыстарды қарастыратынын мәлімдеді.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button