АЙМАҚБасты жаңалықтарМәдениетОралӨҢІРЛЕР

Атақ алған жазушыны әкімдікке шақырды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов  таяуда Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығын иеленген жазушы — журналист Мира Шүйіншəлиеваны қабылдады. Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлады.

Өңір басшысы  жазушыны жаңа мараптаты «Алаш» сыйлығын қарымды қаламгерлер арасынан топ жарып, «Ар азабы» бесінші кітабы үшін алуымен шын жүректен құттықтады.

Мира Шүйіншәлиева ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, бірнеше прозалық жарндағы кітаптардың авторы, қалалық «Жайық үні» газетінің директор- редакторы.

 

— Сіздің оқырманыңыз, аудиторияңыз өте көп екенін білеміз. Көріп те жүрміз. Өткен жылы ел алдында үлкен шығармашылық кешіңізді бердіңіз. Сол кезде осы «Ар азабы» пьессаңыздан үзінді сахналанды. Алдағы уақытта облыстық мəдениет басқармасы сіздің шығармашылығыңыздың сахналануын қадағалап отыратын болады. Қаламгерлік өнеріңізбен қоса, қалалық «Жайық үні» газетінің де ауыр жүгін бірге алып келе жатырсыз. Сізге осы үшін де Жайықтағы ел- жұрттың атынан зор рахмет айтамын. Əрдайым, Ақұштап, Шолпан апаларымыз секілді елдің сөзін сөйлеп, абыройлы бола беріңіз,- деп облыс басшысы қаламгерге шығармашылық табыс тіледі.

 

Басқа материалдар

Back to top button