Орал көк түтіннің ортасында қалды

Орал қаласындағы бірнеше шағын аудан 3 күннен бері көк түтіннің ортасында қалды. Тұрғындар сыртқа шығудан қалған. Өйткені, шаһардың іргесіндегі күл-қоқыс өртеніп жатыр.

Оралдықтардың айтуынша, күл-қоқыстың басында бір ғана өрт сөндіргіш көлігі тұр. Оған қаладағы коммуналдық мекеменің бір машинасымен  күніне 4 рет су тасылады екен.

Бір қызығы, коммуналдық мекеме өкілдері түтінді өшірудің орнына, мән-жайды білуге келген тұрғындарды  «частная территория» деп бықсыған қоқыстың маңында жолатпай әлек болып жүр.

Бір күн, екінші күн… Үшінші түн көк түтін ішіндеміз. Соншалықты көнбіс болар ма едік?.. Қаланың тап іргесінде жанып жатқасын шыдамай көріп келдік. Өрт сөндірушілер көліктерінде отыр. Шамамыз жетпейді дейді. Нақты жағдайды баяндаудан бас тартып, телефонмен бөлімше командиріне шықты. Ол бастықтары рұқсат бермей жауап бере алмайтынын айтты. Бір ғана өрт сөндіргіш көлік тұр. Оған дэп көлігі қаладан су әкеліп береді екен. Күнге төрт рет бір көлікпен анадай ауқымды өртке су шашу — ауызбен бүркумен бірдей. Орал Қаласының Әкімдігі, мәселеге мән берсеңіздер

Опубликовано Нұрлыбеком Рахмановым 19 июня 2018 г.

 

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*