Басты жаңалықтар

Оралға «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы шықты

Бұл туралы «Жайық Пресс»ақпарат орталығы хабарлады. 

 

«Астана–Орал» бағытындағы пойыз «Астана-Нұрлы-жол» бекетінен 26 қыркүйек күні сағат 11:33-те (Астана уақыты) шығып, Орал қаласының теміржол бекетіне 27 қыркүйек күні сағат 11:42-де (жергілікті уақыт) келіп тоқтайды.

Ал «Алматы–Орал» бағытындағы пойыз «Алматы-2» бекетінен 26 қыркүйек күні сағат 20:17-де (Астана уақыты) қозғалып, Орал қаласының теміржол бекетіне 28 қыркүйек күні 09:37-де (жергілікті уақыт) тоқтайды.

«Орал–Астана» бағытындағы пойыздың жүру ұзақтығы 14 сағат 33 минутқа қысқарып, енді 26 сағат 14 минутты құрайды. Ал «Орал–Алматы» бағытындағы пойыздың жүру ұзақтығы 37 сағат 11 минутты құрап, 22 сағат 29 минутқа қысқарады. «Саратов–Алматы» бағытындағы пойыздың жүру ұзақтығы 40 сағат 47 минутты құрап, 10 сағат 9 минутқа қысқарады.

«Орал–Астана» бағытындағы пойыз тақ күндері, «Орал–Алматы» бағытындағы пойыз жұп күндері жүреді.

Жолаушылар билетінің бағасы: «Орал–Астана» – 9 102 теңге (купе), 17 623 теңге (люкс), «Орал–Алматы» – 16 232 теңге (купе).

Әр пойыз 27 вагоннан тұрады. Оның 22-сі жолаушылар, екеуі мейрамхана, үшеуі қызмет вагоны.

Айта кету керек, жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыру  мақсатында Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік шекараларынан өту кезіндегі тексерістер алынып тасталды.

Жүрдек пойыздың жолға шығуы  Қазақстан Президенті мен Ресей   басшысының    былтырғы кездесуі кезінде қол қойған келісімге сәйкес жүзеге асырылып отыр.

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button