Басты жаңалықтарБілім

БИЫЛ ОҚУШЫЛАРҒА КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ БОЛА МА?

Мектеп оқушылары үшін көктемгі каникул наурыздың 21-і күні басталады. Ең ұзақ тоқсанды аяқтаған балалар осы айдың 31-не дейін демалады. Осылайша ұл-қыздар 11 күн каникулға шығады. Ал сәуірдің 1-і күні қайта мектеп партасына отырады. Жалпы, соңғы 4-ші тоқсанда 8 оқу аптасы бар. Айта кетейік, өткен жылы жаңашылдық енгізіліп, оқу жылы 1-ші маусымға дейін созылған еді. Ал биыл әдеттегідей 25 мамыр күні аяқталады.

Басқа материалдар

Back to top button