Басты жаңалықтарСаясат

Мал бар, бөліп беремін бәріне

Бүгін Президенттің қолынан «Еңбек Ері» атағын алған Жақсылық Үшкемпіров Елбасына осындай уәде берді.

Мемлекеттік награданы алған соң,  Олимпиада чемпионы Мемлекет басшысына алғысын айтып  «мен сияқты бес мың азамат бес мың ауылды көтеріп жіберсе» деген ұсыныс жасады.

https://www.facebook.com/AkordaBaspasoz/videos/2042849682623814/

Алматы облысында елдімекендердің  инфрақұрылымын жасап, 50 жас отбасына тегін баспана салып, 200 балаға арналған спорт кешенін тұрғызған Жақсылық Үшкемпіровтың елге еткен жақсылығына ризашылық білдірген Нұрсұлтан Назарбаев даңқты балуанмен қол күрестірді.

«Тәуелсіздік жылдары біраз азамат қалталы болды, байыды. Енді тапқынының біразын елге берсін сен сияқты» , деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасына ағынан жарылған Жақсылық Үшкемпіров «Құдайға шүкір мал бар, бәрі жетеді, бөліп беремін бәріне» деді.

Жақсылық Үшкемпіріовпен бірге тағы екі адамға  «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Теңізшевройл» ЖШС менеджері Руслан Қуатовқа да «Еңбек Ері» атағы берілді.

 

Фото akorda.kz сайтынан алынды.

 

Басқа материалдар

Back to top button