Басты жаңалықтар

1 маусымнан бастап Қазақстан қалаларындағы блок-бекеттер алынады

1 маусымнан бастап Қазақстан облыстары арасындағы блок-бекеттер алынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды jurnalist.kz.

Бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын ескере отырып, тасымалдаушылар жұмысының алгоритмі жасалды. «Құжатқа сәйкес, автобустар маршруттың соңғы нүктелерінде дезинфекцияланады, жолаушылар салонға тек бетпердемен кіреді», — дейді мамандар. Сонымен қатар, жолаушылар пойыздарының қатынасы 2020 жылдың 1 маусымынан бастап кезең-кезеңімен, халықтың сұранысын ескере отырып және аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асырылатынын айтты. Атап айтқанда, алғашқы кезеңде 54 пойыз қатынай бастайды.

Басқа материалдар

Back to top button