Маргарин неге қымбаттады?

Қазақстанның маргарин нарығын сырттан келетін өнім жаулап алды. Бұл туралы  Energyprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап baribar.kz хабарлады.

2019 жылдың 11 айында елімізде маргарин мен сол сияқты май өнімдерінің 56,8 мың тоннасы өндірілді, былтырғы қаңтар-қарашада өндіріс 61,6 мың тонна болған, яғни биыл 7,9% аз.

Маргарин әдеттегідей Қарағанды облысында көп өндірілген: 52,5 мың тонна. Бұл өңірде Eurasian Foods Corporation кәсіпорны бар. Energyprom.kz мамандарының мәліметінше, ел бойынша бұл өндірістің азаюына Алматыдағы кәсіпорындар “кінәлі”, өңірде маргарин өндірісі бір жылда бірден 63% құлдыраған (7,7 мың тоннадан 2,8 мың тоннаға дейін). Алматыда маргарин мен басқа да май түрлерін негізінен “Масло-Дел”, “Алматы Сүт” кәсіпорындары өндіреді.

Май өнімдерінің аз өндірілуі нарыққа әсер етті, биылғы 10 айда-ақ импорт ішкі нарық сұранысының 51,4%-ін өтеді, бір жыл бұрын көрсеткіш 37,5% еді. Қазақстандағы өндіріс 8% құлдырағанда импорт былтырға қарағанда 62,4% артып отыр.

Нарықты импорт жаулаған соң баға да өсе бастады, 2019 жылдың қаңтарынан желтоқсанға дейінгі аралықта маргарин мен басқа да май өнімдері былтырғы 11 айға қарағанда 8,4% қымбаттаған. Осы кезеңде жалпы тауар мен қызмет түрлері тек 5,2%, азық-түлік 8% қымбаттағанын айта кету керек.

Биылғы қарашада Қазақстан қалаларында маргариннің келісі орташа есеппен 552 теңге тұрды, Нұр-Сұлтанда, Өскеменде және Қарағандыда баға бұдан жоғары.

 

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*