БИІКТІКТІ БАҒЫНДЫРҒАН ҚОС БӨКЕЙЛІК

Қос бірдей бөкейлік азамат Нәдір мен Нұрлыбек Құрымбаевтар Еуропа мен Ресейдің ең биік нүктесі Кавказдағы Эльбрус стратожанартауын бағындырды. Бұл туралы «Орад жұлдызы» газеті www.ordazhuldyzy.kz  әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Теңіз деңгейінен 5642 метр биіктікке шығуға екінің бірінің батылы бармасы анық. Мықтымын дегендердің жүрек батылдығын, білек күшін, жігер мықтылығын таразыға салатын әйгілі Эльбрусті бағындырған санаулылар қатарында қос бөкейліктің есімдері жазылды. Тауға шыққан бөкейліктің ғана емес, тілеулес болаған көп бөкейліктің бөркін аспанға атқан күн болды. Тауға шыққан бар да, шыңға бағындырған санаулы ғой.Тұңғыштардың мекені саналатын Бөкей құмының қалың тарихына жаңа бір есім, тұңғыш альпинисттер есімі жазылды десек, артық айтып, асыра сілтегеніміз болмас.

Отызында топ жарып, кәсібін дөңгелеңткен, отыз бесінде шың бағындырған Нәдір Құрымбаев бұл жолғы жеңісін тұрақты оқитын журналы National Geoqraphic Qazaqstan-ға арнапты. Жүгіруден Мәскеуде өткен жартылай марафонда топты шаң қаптырып, оза шапқан желаяқ Нәдіріміз велоспортты да жаны серік етіпті. Оның бауыры Нұрлыбектің де желаяқтығы ағасына жетеғабыл. Осындай дайындықтың арқасында межелі биіктікті бағындырдық дейді олар.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*