Пойыз апатынан адам қаза тапты, министр неге үнсіз…
Жамбыл облысындағы пойыз апатынан көз жұмған жеткіншектің мәйіті туған жері Қарағандыға жеткізілді. 10 жастағы бала ата-анасымен бірге Ыстықкөлге демалуға бара жатыпты. Қас пен көздің арасында қаза тапқан 12 жастағы Алексей Малинев ертең жер қойнына тапсырылады. Ал оқиға орнында жарақат алған жолаушылардың кейбіріне күрделі операция қажет. Оны дәрігерлердің өзі растап отыр.
Әліби Байжанов: «Аяғым сынған терезеге кіріп кетіпті. Вагон ішінде тұрсам да аяғыммен щебенді басып тұрмын. Балалар бар, шаң, түк көрінбейді. 20 шақты бала бар. 10-11 жас шамасындағылар. Бір бала жүріп кеткен сияқты».
Нұрбол Жолдасов, Шу аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: «Ота жасап, сынған сүйектерін жинап, пластина арқылы сүйектерін бір-біріне жалғаймыз. Қазір ол кісі дайындық үстінде, зерттеулер жүргізілуде. Шокқа қарсы терапия жасалуда».
Жарақат алған тағы 20 шақты адам Алматының төрт бірдей ауруханасына жатқызылды.
«Не могу нечего говорить. Болит у меня голова. Ноги болят, голова болит, стресс был», дейді зардеп шеккендердің бірі.
Ал теміржолдағы қайғылы жағдайға байланысты осы салаға жауапты Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Ең болмаса көңіл айту хатында жарияламады. Тіпті ведомствоның сайтында да Жамбыл облысындағы пойыз апатына қатысты ақпарат жоқ.