Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан жақта ауылға аю кіргені рас па?

Ауылға кірген аю ел-жұрттың зәресін ұшырды. Жыртқышты көрген тұрғындар таспалап үлгеріпті. Бейнежазба авторының сөзінше, хайуан Түркістан облысына қарасты «Біркөлік» шипажайының маңында жүрген көрінеді.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарасаң жыртқышты аулап, Шымкенттегі хайуанаттар бағына тапсырылыпты. Ал облыстық полиция департаменті оны растамады. Бұл көрініс Түркістан облысының аумағында тіркелмеген. Тәртіп сақшылары ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратпауды ескертеді.
А. Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



