Басты жаңалықтарМәдениет

Сәуле Әбілдаханқызы жаңа бағдарлама жүргізеді

Бұл туралы  Сәуле Әбілдаханқызы  facebook парақшасында жариялады.  Автордың сөзі бойынша, жобаның атауы әзірге құпия.  Бір анығы, youtube арқылы шығады екен. Сәулемен бірге Перизат есімді жүргізуші бар. Бағдарламаның алғашқы қонағы Гауһар Әлімбекова болған. Одан соң шоумен Нұрболханмен сұхбаттасқан.
«Ютуб-каналдан жаңа бағдарлама жасасақ дейміз, қазақтілді аудитория сізді жақсы таниды, жақсы көреді, бағдарламамызға жүргізуші болыңыз» деп Анар деген продюсер 1 ай бұрын хабарласқан. Кездесудің сәті түспей, арада 2-3 апта өтті. Содан ақыры кездестік, бағдарлама продюсері Мақсатпен таныстырды, жобаны біраз талқыладық…
Бағдарламаның аты… әзірге құпия…🤗 өз араларыңызда біраз талқыланатыны анық…😊өйткені біздің өз арамызда біраз талқыланды…🤔
Бағдарламаның негізгі жүргізушісі Перизат. Мен жай, Перизат сіңліме көмекшімін… Перизаттай ақылды, парасатты, мәдениетті, білімді, өте терең сіңліммен танысқаныма қуаныштымын. Екеуіміздің тәрбиеміз, көзқарастарымыз көп жағдайда өте ұқсас екенін байқадым…
Кеше алғашқы түсірілім Гауһар Әлімбековамен болды…
Екінші бағдарламаға Нұрболхан келді…
Суретке түсуді көп құнттамайтын жаман әдетім бар. Гауһармен, Нұрболханмен суретке түсуді ойламаппын. (Гауһардың сіңлісі түсірген сияқты, сұрап көру керек…)
Бүгін үшінші бағдарламада Марғұлан Сейсембай мырза қонақ болды. Марғұлан ағамыздың білімділігін, іскерлігін, тереңдігін, мәдениеттілігін, патриоттығын, қысқасы, жан-жақтылығын — бәрін-бәрін НАҒЫЗ АЗАМАТ деген бір-ақ ауыз сөзге сыйғызуға болады…
Бағдарламаны мамыр айында ютюбтан көреміз, бұйырса…» деп жазды  Сәуле Әбілдаханқызы

Басқа материалдар

Back to top button