Басты жаңалықтарҚоғам

Қазақстан көп ұлтты мемлекет деген қағидатты өзгертуіміз керек

Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы facebook парақшасында осылай деп жазды. Қарағандыдағы оқиғаға қатысты пікірін білдірген сенатор ұлан ғайыр даланың иесі де, киесі де қазақ ұлты. Қалғаны этникалық диаспоралар, дейді.

 

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

— Қарағандыдағы «қанды» оқиға ешкімді бейжай қалдырмаганы анық. Өрімдей жас азамат қанішерлердің қолынан ажал құшты. Барлық туған туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Қанішерлер тиісті жазаларын алу керек Жалпы Қазақстан көп ұлтты мемлекет деген қағидатты өзгертуіміз керек.Ықылым заманнан бері Қазақстанда мекендейтін, қазақ мемлекетін құрайтын, ұланғайыр даланың иесі де, киесі де бір- ақ ұлт бар, ол қазақ ұлты. Қалғандары этникалық диаспоралар. ОЛАРДЫҢ барлығының дерлік өз отандары бар. Қазақтың Қазақстаннан басқа ОТАНЫ жоқ. Сондықтан да қазақ ұлтының мүддесі тек осы елде ғана қорғалады. Әлемде этникалық аз топтарға барлық жағдайлар жасалған мемлекет Қазақстанда ғана. Тек Қазақстанда ғана, үлкен өкінішке орай мемлекеттік тілді білмей-ақ мемлекеттік қызмет атқаруға, бизнес жасауға болады. Соны бағалап, қадірлей білмеген өзге этностардың кейбір өкілдеріне тарихи отандарыңа жолдарың ашық дегім келеді. Кеше Армения парламентінің депутаты Э. Марукян Армениядағы Қазақстанның елшісін шақыртып, Қазақстандағы «армяндарға корсетіліп жатқан қысымдарға»байланысты түсіндірме беруін талап етіпті. Бұл Қазақстанның ішкі істеріне қол сұғушылық. Бұған біздің СІМ тез арада тиісті ресми жауабын беруі тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button