Басты жаңалықтарҚоғам

Әскерге добырамен барған жігіт кімге күй тартып жүр?

Алматылық сарбаздардың әр күні мереке. Қатардағы жауынгердің бірі әскерге домбырасын алып келген. Енді қолы босай қалса болды, қаруластарына күй шертіп, көңіл-күйлерін көтереді екен.
Сыр елі – жыр елінен келген жас жігіт жүзге жуық күйді жатқа білемін дейді. Осылайша, ұлттық ұлан сарбазы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, көпті өнерімен тәнті етіп, әскери бөлімдегі қаруластарының жауынгерлік рухын да оятып жүр екен.

-Мен қазіргі уақытта 100-ге жуық күй білемін. Айта берсем, қазақ халық күйлері, Құрманғазы атамыздың, Дина апамыздың, Тәттімбет, Қазанғаптың күйлері, Сүгірдің күйлері. Тағы сондай сынды көптеген ата-бабамыздың күйін білемін,-дейді ІІМ Ұлттық Ұланы 5571 әскери бөлімінің қызметшісі Әзиз Темірбек.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button