Басты жаңалықтарҚоғам

Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды

Ақмола облысы Щучинск қаласы палау орталығындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті. Реанимацияда жатқан тағы екі адамның демі үзілді. Қазір дәмхананың басшысы қамауға алынған.  Прокуратураның мәліметі бойынша, кәсіпкердің үстінен үш бап бойынша іс қозғалып отыр.

Еске салайық, 26 ақпан күні кешкісін Щучинск қаласында палау орталығында газ балоны жарылып, арты өртке ұласты. Оқиға салдарынан 7 адам көз жұмды. Оның бесеу сол жерде, екеуі ауруханада қайтыс болды.

Жарылыс кезінде 28 адам зардап шеккен. Олардың арасында 5 науқасты санавиациямен Астанаға жеткізген.  Бұл туралы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек мәлімдеді.

 

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

 

 

Басқа материалдар

Back to top button