Ақтөбенің билігі инвесторларды үгіттеп жатыр

Өткен жылы елімізде «Қорқыт Ата», «Ақтөбе» және «Атырау» атты үш жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылды. Ақтөбедегісінің жұмысы енді ғана қарқын алды. Бес кәсіпорын басқарушы команиямен келісімге келіпті . Тағы он бесі қызығушылық танытып отыр.
-Біз бұл экономикалық аймаққа неге қызықтық? Бұл жердің болашағы бар екенін түсіндік. Барлығы алдын ала ойластырылған, дайын кластер, бір жағынан айналамызда өзге кәсіпорындар болса, бірлесіп колаббарация жасауға да ыңғайлы. Тағы бір қызықтырғаны — мүлік, жер салығына қатысты жеңілдіктер, -дейдң кәсіпорын басшысы Алексей Гордиенко.
Арнайы экономикалық аймаққа жұрт неге қызығады? Бұл аумақтардың тартымды болып отырғаны — салықтық және кедендік жеңілдіктер бар, әкімшілік рәсімдер кедергісіз болады, шетелдік жұмыс күшін тартуда жеңілдіктер қарастырылған, әрі инженерлік инфрақұрылымы да дайын. Тек кел де, кәсібіңді дөңгелет.
-Жалпы, арнайы экономикалық аймағының ауданы 858 га болып табылады. Оның ішінде 571 га-ды біз сол инвестжобаларға беруге дайынбыз. Орташа бір 5-6 га инвесторлар алады ғой. Басты мақсат — инвестиция тарту , жаңа жұмыс орындарын құру. Және сол Құрылтайда айтылып өткендей, ең басты мақсат — жоғары қосылған құны бар өнім өндіру болып табылады. Жоғары инновациялық жобалар тарту бірінші кезекте,-дейді «Ақтөбе» арнайы эконмикалық аймағы басқарушы компаниясы төрағасының орынбасары Азат Асанов.
Экономикалық аймақты құруда мемлекеттің көздегені — өңірлерге инвестиция тартып, өңдеу өнеркәсібін дамыту және импортқа тәуелділікті төмендету. Жобаны жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындары құрылып, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі артыру болатын. ((ҚЫЗЫЛОРДА 20 ҚАҢТАР, 2026 Ж.)) Мемлекет басшысы Қызылордада өткен бесінші Құрылтайда экономиканы дамытуда жүйелілік болу қажеттігін тағы да баса айтты.
Ақтөбедегі экономикалық аумақта көлік-логистикалық бағыттағы 9 негізгі сала мен өнеркәсіптің 29 бағытын дамыту қарастырылған. Кемінде 40 астам жобаны 1 трлн теңгеге жүзеге асыру жоспарланып отыр.
А.Орынғалиұлы









