Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
Ноғаев пен Көлгінов дуэт болып ән салды
Әлеуметтік желіге Нұрлан Ноғаев пен Алтай Көлгіновтің қосылып ән шырқаған видеосы шықты.
Бейнежазба белгілі фотограф, коллекционер Рафхат Халеловтің жеке мұрағатында сақталған көрінеді. Ол экс-шенеуніктердің видеосын фейсбуктегі парақшасына жариялады.
Батыс Қазақстан облысын әр жылдары басқарса да, Ноғаев пен Көлгіновтің бір сахнада тұрған сәтін Рафхат Халелов таспалап алған екен.
Қазір екеуі де Үкімет құрамынан кетті, шетелде дипломат. Нұрлан Ноғаев Түрікменстанда, Алтай Көлгінов Эстонияда елші болып жүр.
А. Орынғали



