Басты жаңалықтарМәдениет

Әскери киімдегі жігіттің әні елді елжіретті

Әлеуметтік желіде форма киген азаматтың домбырамен ән салған видеосы тарады. «Сен сұлу» әнін тамылжыта шырқаған оның  орындау шеберлігі кәсіби әншілерден кем түспейді.

Елдің ықыласына бөленген әскери жігіт ҚР Қарулы күштері Орталық ансамблінің солисті Дәуренбек Слямғали екен. 1996 жылы Павлодар облысы Тереңкөл ауданының Қызылтаң ауылында дүниеге келген.

2012-2016 жылы дарынды балаларға арналған музыкалық колледж, музыкалық мектеп-интернатында дәстүрлі ән орындау мамандығы бойынша оқыды.

2016-2020 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша ұстазы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Шүкіманов Еркін Тұрсынғалиұлынан білім алған. Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында еңбек еткен.

Республикалық байқаулардың жеңімпазы. Қазір Қорғаныс министрлігі  Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінде жұмыс істейді.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button