Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет

Мөлдір Мұқанова Қайрат Әділгерейдің әйеліне өкпесін айтты

Тұрсынбек Қабатовтың экс-келіншегі, продюсер Мөлдір Мұқанова жақында шыққан «Шай в большом городе» фильмін сынаған актер Қайрат Әділгерейдің келіншегіне өкпелеп қалыпты. Ашуға булыққан Мұқанова Қайраттың Тұрсынбектің арқасында елге танылып, аты шыққанын, ақша тапқанын айтып, Бақыт Тұрманға ренішін білдірді.

«Мені сыйламай-ақ қойсын, Тұрсынбек Қабатовты сыйлау керек. Себебі Тұрсынбек оның күйеуіне жұмыс берді. Атын шығарды. Күйеуі тапқан табысын үйіне апарды. Жаңағы сөйлеп отқан әйел соның нанын жеді. Сонда қайтарымы осы сөз болғаныма…?! Қайрат Әділгерейді Тұрсынбек Қабатовтың «Әзіл әлемі» театры көтерді дегенді 100 пайыз иә деп айта аламын» деді Мөлдір.

Мұның алдында фильмге баға берген Бақыт Тұрман халық пікіріне шамданып, Қайрат Әділгерейді елге танытқан Тұрсынбектің «Әзіл әлемі» театры емес, QAZAQSTAN телеарнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізгенде аты шықты деп айтқан еді. Мұны естіген Мөлдірде Қайраттың келіншегіне жауап берді.

Ал жақында Қайраттың әйелі Бақыт Тұрман Мөлдір менің мінезімді, бәрін біледі, түсінеді, сынымды қабылдайды дегендей сыңайда әлеуметтік желіде көсіліп еді.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button