Басты жаңалықтарҚоғам

Ет базарындағы мөр басатын жігітті ұстау операциясы

Астанадағы «Әлем» базарында анықтамасы жоқ мал әкелгендерге мөр басып жүрген азамат ұсталды. Бұл туралы police__astana парақшасына жарияланды.

«Мал ұрлығы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында уәкілетті органдардың рұқсатынсыз ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеумен айналысқан 41 жастағы ер адамның заңсыз әрекеті анықталды», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

41 жастағы азамат құжаты жоқ мал етін әкелгендерге мөр басқаны үшін сыйақы алып отырған.

Жалған құжаттарды, мөрлер мен штамптарды қолдан жасағаны және таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.  Полиция ет өнімдерін сатып алу кезінде ветеринариялық құжаттарды мұқият тексерудің аса маңызды екенін еске салады. Өнімнің заңды жеткізілуіне күмән туындаған жағдайда, бірден «102» нөміріне хабарлау қажет.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button