Басты жаңалықтарСаясат

Турникке тартылған әкім жұртты таңқалдырды (Видео)

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың турникке тартылған видеосы тарады. «Найза Көкше» палблигіндегі көрініс Зеренді ауданындағы спорт кешенінде түсіріліпті.

Марат Ахметжанов еліміздің бас прокуроры Берік Асыловпен бірге шетелден қайтарылып жатқан заңсыз активтердің есебінен салынған спорт нысанының ашылуына барған.

Бұрын ішкі істер министрі болған әкім әлі де бабында екенін байқатып, турникке тартылған. Өңір басшысының спортқа деген қабілетін сол жердегілер, журналистер таспалап үлгерген.

А.Орынғали

 

 

Басқа материалдар

Back to top button