Шымкентте жұмаққа билет сатылды

Не шықсада Шымкенттен шығады. Бірақ, бұл жолғы жаңалық жұрттың жағасын ұстатты. Шым қалада жұмаққа билет сатылып жатыр. Тек күнәсіз жандар баратын мекенге жолдаманың құны 1 миллион теңгеден басталып, 50 миллионға дейін барады.
«Жәннатқа асығайық!», «Жәннатқа таласыңдар!» деп бірнеше мәрте қайталаған соң сол жерде жиналған адамдар бірінен кейін бірі келіп билетті таласып алып жатқанын көруге болады. Тіпті, жиналғандардың ішінде миллиондаған ақшаны шықырлатып сол жерде санап бергендері де болды. Сөйтсе, бұл қыздар медресесін жөндеуге арналған қайырымдылық шарасы екен. Жауаптылардың сөзінше, құрылыс жұмысына шама-шарқы жетпегендіктен қалталы азаматтарды жинап көмек сұрапты.
«Жүргізушілердің сөйлеген сөзіне асыра бір қателік деп түсінудің қажеті жоқ. Сол жерде отырған кісілерге түсінікті болуы үшін айтылған дүние. Ілім жолы — жәннат жолы. Ілім жолы — бұл даму жолы. Халыққа түсінікті болуы үшін купондар таратылды. Оны бүгін беруі мүмкін, ертең беруі мүмкін. Жағдайы келген кезде беруі мүмкін» ,-дейді ҚАЛА ИМАМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МҰХАМЕДЖАН ЕСТЕМІР.
А.Орынғали
ФОТО: Ашық дереккөз



