Димашқа өлең жазған ақын Төреғалиді сотқа бермек
Елімізге белгілі ақын, журналист Мұнайдар Балмолда әлеуметтік желіге өзінің әнге жазылған өлеңін Төреғали Төрәлінің рұқсатсыз өзгертіп, иемденіп алғанына өспелеп отырғанын жазды. Тіпті автор Тik-tokтан көріп, әншіге ескерту де жасаған. Бірақ Төреш пысқыратын емес.
Мұнайдар Балмолданың сөзінше, «Қазақтың жылқылары» деген өлеңі 2019 жылы жазылып, оралдық композитор Алтынбек Қаресов әнін шығарған. Алайда, Төреғали бұл әнді сұрап тек сазгерге ғана шыққан. Алтынбек Қаресов ақыннан да рұқсат сұрау қажеттігін айтқан. Бірақ Төреғали әнін ғана алып, сөзін түгел өзгертіп орындап жүрген көрінеді.
Ақынның күйініп отырғаны, қазақтың жылқыларына арналған шығарманы әншінің Мұғалжар тұқымына арнап шырқап жүргені жанына батқан.
Көпшіліктен кеңес сұраған Мұнайдар Балмолда «Адамның сотына бермей, Алланың сотына тапсырайын ба? Екіншісі өте ауыр. Ол қияметке кетеді. Менен кешірім сұрап, доғара қойса, мен кешірер едім. Олай істейтін арлы азаматты, ұятты адамды әзірге көрмедім. Мен әлі аяп отырмын. Түсінер, кешірім сұрар деп. «Ұлы даланың баласымын» деп кеудесін көтеруші еді, қайда сонысы? Ұлы даланың жылқыларына арнаған әнді жоқ қылып, оның орнына бір ғана тұқымды мақтаған, ақша үшін жазылған дүниесін күйттегені ұлтты қорлағандай болды!» деп жазды.
Айта кетейік, Мұнайдар Балмолда Димаш Құдайберген орындаған «Махаббат бер маған» әнінің сөзі жазды. Басқа да көптеген әндері бар.
ҚАЗАҚТЫҢ ЖЫЛҚЫЛАРЫ
(Бұл әніміз 2019 жылдың ақпан айында жарық көрді, «Бөріде не арман бар» кітабыма енді.)