Басты жаңалықтарҚоғам

Құрбан айтта автобустар тегін болады

Құрбан айт мейрамында Астанада қоғамдық көліктер тегін жүреді.   Биыл қасиетті мереке  16 маусым, жексенбіден басталады. Дәл осы күні елордадағы жолаушылар тасымалдайтын автобустарда жол жүру тегін болады.

Сондай-ақ, түнде қатынайтын № 201, 202, 203 қоғамдық көліктер маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жолаушыларды тегін тасымалдайды. Түнгі бағдарлардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Еске сала кетсек, 8 маусымнан Астанада түнгі автобустар жүре бастады.

 

З.Ахмет

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button