Миллиардтаған ақша игерілмей жатыр
2017 жылдың аяқталуына санаулы күн қалды. Ал мемлекеттік органдар миллиардтаған қаржыны игере алмай аптығып жатыр. Олардың ішінде Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер органы, Павлодар облысының әкімдігі бар. 12 айда қыруар қаржыны орнымен жұмсай алмаған орган басшыларына Бақытжан Сағынтаев қатты шүйлікті. Олар жыл соңына дейін қазына қаржысын игереміз деп Премьер-министрге уәде беріп отыр. Ал түрлі тексерістер мен бақылау жүргізген Қаржы министрлігі биыл 256 млрд теңге көлемiнде қаржылық заң бұзушылықты анықтаған.
-Жыл 20 желтоқсанда аяқталатынын білесіздер. Қанша күн қалғанын санай беріңіздер. Ортасында 3-4 күндік мерекелік демалыс бар. Сонда жұмыс күні санаулы. Қазір жыл соңына дейін игереміз деп отырсыздар, 20-сына дейін үлгермейсіздер , — деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.