Басты жаңалықтарСпортТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Созақ ауданында спорт кешені ашылды

Созақ ауданындағы Тасты ауылында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған тағы бір жоба жүзеге асты. Ауыл азаматы, белгілі кәсіпкер Махат Төрәлінің демеушілігімен салынған «BELES» спорт кешені ел игілігіне берілді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жаңа спорт нысанында бокс және күрес залдары бар. Сондай-ақ, кешенде жалпы шынығу залдары қарастырылған. Спорт кешенінің салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысының бастамасымен өңірде спорт саласы бойынша атқарылып жатқан жобалар жайлы айтып, кешеннің жастар үшін маңыздылығына тоқталды. Жиын барысында ауыл ақсақалдары «BELES» спорт кешені – биік белестерге бастар нысан болсын деген ниетпен ақ баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.

А. Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button