Басты жаңалықтарҚоғам

Полицейлер балалармен атысты

Астаналық полицейлер балалармен атысып жүр. Қарумен емес, қар атысып ойнапты. Тәртіп сақшылары жұмыс арасында кішкентай ұл-қыздарға да көңіл бөліп, балаша жүгіріп, жұртты мәз қылды. Осы ерекше сәтті патрульдік полицейлердің бірі әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жүктеп қойған. Посттың астына халық жылы лебіздерін жазып, бүлдіршіндерге уақыт бөлгеніне риза боп жатыр. Небәрі бір күнге жетер жетпес уақытта бұл таспа 400 мыңға тарта қаралым жинапты.

Қ.Қуат

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button