Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Үңгір ішіндегі акция

Бәйдібек ауданында орналасқан туристік орын «Ақмешіт» үңгірінің аумағында облыстың мәдениет қызметкерлері «Таза Қазақстан» табиғатты қорғауға өз үлесін қосты. Бұл туралы Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі хабарлады.
Сенбілік барысында үңгір маңы күл-қоқыстан тазартылып, абаттандыру шаралары атқарылды. Қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын насихаттады. Бұл шара – табиғатқа деген жанашырлықты арттырумен қатар, киелі мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыс бойынша 1780 тарихи-мәдени мұра нысаны есепке алынған. Бағдарлама аясында жыл басынан бері «Қызыл көпір» тарихи ескерткішіне, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығымен бірлесе отырып «Гаухар ана» кесенесіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жоспарлы түрде бекітілген аумақтарда сенбілік ұйымдастырылып келеді.
Бану Ерсайын

Басқа материалдар

Back to top button