Бөкейорданың жолындағы беймәлім құбылыс
Батыс Қазақстан облысының Бөкейордасы ауданына баратын күре жолдың бойында беймәлім құбылыс. Жаңақала-Сайқын бағытындағы жолдың Бөрлі (Темір Масин) ауылдық округінің тұсында терең шұңқырлар пайда болған. Көлемі адам сыйып кететіндей үңгірлердің түбі көрінбейді.
Жергілікті атқарушы орган немесе жолға жауапты мекеме облыс орталығына қатынайтын асфальті жоқ жалғыз грейдердің бойындағы шұңқырлардың айналасына белгіде салмаған. Әсіресе, түнгі уақытта өте қауіпті деп алаңдап отыр бөкейордалықтар.
Айта кету керек, наурыз айында осы грейдерді су жырып, жергілікті халық біраз әбігерге түсіп еді. Артынша облыс әкімінің кеңесшісі әлеуметтік желіге жар салып, Бөкейорданың жолы қалыпына келтірілгенін мәлімдеген болатын. Алайда, қалпына келген жолдың жағдайы тіпті қиындап, ел-жұрт жанын шүберекке түйіп жүр.