Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Мерзімдік әскери қызметін өтеген сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды

24желтоқсанда ҚР Ішкі істер министрлігінің  Ұлттықұланы 6698 әскери бөлімінің саптық алаңында белгіленген қызмет мерзімін өтеген 2023 жылдың 2-ші шақырылым сарбаздарын запасқа шығаруға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Барлығы еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген 150-ден астам мерзімді әскери қызметшілер үйлеріне жіберілуде.

Іс-шараға әскери бөлімбасшылығы, ардагерлержәнеқұқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Шара барысында Отанға қызмет еткені және адалдығы үшін сарбаздарымызға ізгі тілектер айтылды. Командирлер жауынгерлердің әрқайсысы қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау арқылы елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге өзүлестерін қосқанын атап өтті.

Жауынгерлік дайындықтағы және үлгілі әскери тәртіптегі жоғары көрсеткіштері үшін қызмет барысында ерекшеленген сарбаздар грамоталармен және төсбелгілермен марапатталды, олардың ата-аналарына алғыс хаттар жіберілді. 48 сарбаз жоғары оқу орнына тегін білім алуға грант сертификаттарын алды.

«Бүгін біз өз міндеттерін лайықты орындаған қарулас бауырларымызды шығарып салып отырмыз. Сіздер үлкен отбасының бір бөлігі болдыңыздар және өздеріңіз туралы тек жағымды естеліктер қалдырдыңыздар», — деп атап өттіәскери бөлім командирікомандирі подполковникНұрлан Сакибековәскериқызметшілергеарнаған сөзінде.

Сарбаздар өз кезегінде командирлері мен қарулас достарына алғыстарын білдірді. «Ұлттық ұландағы қызмет біз үшін үлкен өмір мектебі болды. Біз әрбір азаматқа парыз болған қасиетті борышты Ұлттық ұлан қатарында атқарғанымды мақтан етемін», — деді қатардағы жауынгер Әлімжан Ғалымжанұлы.

Салтанатты рәсім соңында әскери бөлім жауынгерлері мерзімдік  әскери қызметін аяқтаған сарбаздар алдында салтанатты шерумен өтті.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button