Патриоттық әндер байқауы өтті
Тәуелсіздік күні қарсаңында, яғни 12 желтоқсан күні Түркістан облысы, Шардара аудандық мәдениет сарайында, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік -Тәуелсіздік» атты аудандық балаларға арналған патриоттық әндер байқауы өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Байқауда қазылық жасаған Әнуар Карима Тойшыбекқызы – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Мәуленова Зәуреш Молдаханқызы – аудандық мәдениет сарайының бөлім меңгерушісі Дауылбаев Қанат Мансұрұлы – аудандық мәдениет сарайының қызметкері, ақын, әнші-термеші, Омаров Бақберген Мырзашұлы – аудандық мәдениет сарайының әншісі, Қалмырзаев Тұрсынхан Пайызханұлы – аудандық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі қатысушы үміткерлердің өнерін бағалады. Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысқан үміткерлердің өнерін саралап, кіл жүйрікте кім жүйрік екенә анықталды.
Бас жүлдені аудандық саз мектебінен Алый Барат Куанышұлы иеленді.
I орын Достық ауылының намысын қорғаған Молдыбай Нұрмұханбет Асқарұлы және Берден Бақсат Жолдасбекұлы дуэтіне берілді.
II орынды Алатау батыр ауылынан келген Шадияр Оразбек пен Қызылқұм ауылының атынан шыққан Шағырбаева Аймекен алды.
III орын Жаушықұм ауылының атынан додаға түскен Құрақбай Ақеркеге және Ақалтын ауылының атынан шыққан Сарсенали Мейіржанға бұйырды.
Аудандық саз мектебінен Әшім Бекболат Арайұлы Аудан әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды.
Аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы жүлдесімен Диана Ерсайын Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп;
Аудандық мәдениет сарайының арнайы жүлдесі Қошқарбек Сезім Нұрлыбекқызы,Көксу ауылы;
«Тәуелсіздік – тірегім» жүлдесімен Мырзабай Диас Ақалтын ауылы сонымен қатар, барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
З.Рахмет.
ФОТО: Ашық дереккөз