Ұландықтар білім гранттарын алды
4 қарашада Шымкентте орналасқан ҚР ІІМҰлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің саптықалаңында 2-2023 шақырылым сарбаздарынатегін негізде жоғары оқу орнына түсу туралысертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.
Айта кету керек, Шымкент жеделбригадасының 400-ге жуық әскери қызметшісі бағалы сертификаттар алуға үміткер болды. Тек 38-і ғана жоғары оқу орындарына түсугемүмкіндік алды.
6506 әскери бөлімінің командирі полковникМарат Рахпанов өз сөзінде: «Біз әскериқызметшілеріміздің жеке және кәсіби өсуінебарлық жағдай жасауға тырысамыз. Білім беру гранттарын тапсыру — бұл біздіңсарбаздарымызға жоғары білікті маман болуғажәне елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндікберетін болашаққа салынған инвестиция» — деді ол.
Грант алушылардың бірі, қатардағыжауынгер Мақсат Тоқтасын өз әсерімен бөлісті:«Мен әрқашан жоғары білім туралыармандайтынмын. Бұл грант мен үшін өзамбицияларымды жүзеге асыруға жәнеқажетті біліммен еліміздің дамуына үлес қосуға тамаша мүмкіндік».
Тегін білім беру гранттары әскериқызметшілерді қолдауға бағытталғанмемлекеттік бағдарламаның бөлігі болып табылады. Мұндай бастама сарбаздарарасындағы білім деңгейін арттырып қанақоймай, олардың елге одан да адал қызмет етуге деген ынтасын арттырады.
Естеріңізге сала кетейік, мерзімді әскериқызметтен өткен сарбаздар осысертификаттармен ЖОО-ға екі жыл ішінде түсеалады.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі