Басты жаңалықтарТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Әскери құрылым қысқа қамданып жатыр

Төмен температурада және күрделі метеорологиялық жағдайларда әскери техника мен қару-жарақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңіне ауыстыру жұмыстарды өтуде. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Техниканы қысқа дайындау бірнеше кезеңнен тұрады: әскери техника санына керекті жанар-жағармай материалдарын, сондай-ақ басқа да материалдық құралдарды есептеу, ұйымдастыру құжаттарын әзірлеу, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, парктер мен парк үй-жайларын техниканы ауыстыруға және қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау, ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ ауыстыруды қорытындылау.
Бөлім командирлері атап өткендей, техниканы қысқа дайындау ауа райының суығанына дейін басталады. Барлық бөлімшелердің командирлері жанар-жағармай материалдарының, қосалқы бөлшектер мен техникалық қызмет көрсету құралдарының қажетті мөлшерін есептеуді қамтитын іс-қимыл жоспарын алдын ала жасайды.
Әскери қызметшілер техниканың әрбір бірлігі мен бқліктерін мұқият тексереді. Олар жауынгерлік машиналардың тораптары мен агрегаттарын тексереді, сүзгілерді жуады немесе ауыстырады. Әр бөліктің жарамдылығына көз жеткізгеннен кейін, олар аккумуляторлар мен электр жабдықтарын жөндеумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысады, осылайша техника қыстың ең қатал күндерінде де үздіксіз жұмыс істей алады.
Танк батальон командирінің материалдық- техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, майор Абдуали Әкбәрәліұлы, осы іс-шаралардың маңыздылығы туралы айтып, жұмыстың әр кезеңінде қауіпсіздік пен тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қатаң нормалар мен ережелер сақталатынына ерекеше назар аударды.
— Жауынгерлік міндеттерді орындау ғана емес, әскери қызметшілеріміздің қауіпсіздігі де техникамыздың дайындығына байланысты. Біз әрбір машинаның кез келген жағдайда пайдалануға дайын екеніне сенімді болуымыз керек, – деп атап өтті ол. Бұл мәлімдеме әскери қызметшілердің мойнында болатын жауапкершілік деңгейін тағы да айқындайды.
Барлық дайындық шараларының аяқталуы қараша айының бастапқы күндеріне жоспарланған, содан кейін қару-жарақ пен әскери техниканың, сондай-ақ парктер мен парк үй-жайларының дайындығы тексеріледі. Бұл дайындық процесінің соңғы кезеңі болады, ол барлық машиналар мен жабдықтардың қыс мезгілінде пайдалануға толық дайын екенлігін растайды.

А. Нәби

Басқа материалдар

Back to top button