Басты жаңалықтарҚоғам

Әкімдер осы күнге дейін жалған есеп берген

Санда бар, санатта жоқ. Елімізде төрт-түлік туралы статистика бұрмаланып келген. Бұл туралы   стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мәліметіне сүйеніп, «Евразия» телеарнасы хабарлады.   Дүдәмал деректі өткен жолғы жолдауда ел президенті де айтқан болатын.  Қ. Тоқаев өз сөзінде «арнайы комиссия 5 миллион малдың өмірде жоқ екенін анықтағанын» жеткізді. Агенттік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ірі қара санын асырып көрсеткен өңірлердің қатарын Түркістан облысы бастап тұр. Ал қойға қатысты цифрды Алматы, Жамбыл облыстары жалған жазып келген. Сондай-ақ, шаруашылық мақсатта ұсталатын құстың саны да көбейтіліп көрсетілгені белгілі болды. Қайта есептеу кезінде қағаздағы 12 млн 904 мың қанаттының тек 8 миллионнан астамы ғана бар екені анықталды. Бұл көрсеткішті шектен тыс асырып көрсеткендер — Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары екен.

ФОТО: Ашық дереккөз

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button