Басты жаңалықтар

Қазақстандық жастар бірінші орын алды

Алматыда «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға бірнеше мемлекеттен жас сарбаздар қатысты. Елімізге Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей құрамаларынан 750 ге жуық қонақ келді. Оныншы рет ұйымдастырылып отырған халықаралық жиынға Қорғаныс министрінің орынбасары қатысты.

«Әрбір жылда біздің республикалық жас сарбаз қозғалысы ол әскери патриоттық қозғалыстың локамативі болып саналады. Бүгінгі таңда әр жылдан бері кәзіргі жас арбаз қозғалысында қамтылған бала ол 241 мыңға жетеді ++01:28 Әскери патриоттық спорт түрінен көрсектен нәтижелері жылма жыл жоғарылап келе жатыр»,- деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.

Айта кетейік, жарыс спорттың бірнеше түрінен болды. Бас жүлдені Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің кадеттері олжалады. Екінші орынды – Өзбекстан, үшінші орынды – Белоруссиядан келген Суворов әскери училищесінің командасы алды.

ВИДЕО: ddo_turkestan_oblysy парақшасынан алынды 

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button