Басты жаңалықтарВидеоМәдениет
Ернар Айдардың концертінде әжей ұрыс шығарды
«Ұят бар ма?!» Ернар Айдардың концертіне келген әжей ұрыс шығарды. Сөйтсе кейуананың ашуына тиген әнші емес, көрермендер екен. Ол бала-шағаны бақылаусыз қалдыратындар мен жамырап суретке түсетіндерді қатты сынады.
«Кафеге тойға барсаң баланы жіберіп қояды, мына жерге келсек, концерт көруге келсек, баланы жіберіп қоясыңдар. Ұят бар ма? Суретке түсесіңдер ме, концерттен кейін Ернарды бұрышқа тақап 500 теңгеге түсем десе де түсіңдер»,-деді кейуана.
Сәл қызарақтап қалған әнші осылайша әжейдің әрекетіне күле салды. Артынша алғысын айтып, көппен бірге қошемет көрсетті.
З.Ахмет