Басты жаңалықтарВидеоМәдениет
Роза Әлқожа келінінің туған күніне құлынды бие берді
Белгілі әнші, композитор Роза Әлқожа келініне ерекше сыйлық берген сәтін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Ұлының келіншегіне тосынсый жасаған шоу бизнес өкілі қала сыртындағы демалыс орталығында тойлаған. Осы кеште Роза Әлқожа көпшіліктің көзінше келініне құлынды биені тарту еткен. Мұндай сыйлықты күтпеген келін енесіне риза болғаны байқалады. Әдетте өнер адамдары көлік, пәтер немесе шетелге саяхатқа баратын жолдама беріп жатады. Ал әншінің келініне жасаған тартуы әлеуметтік желі қолданушыларын да таңқалдырды. Түрлі пікір жазылып жатыр.
А. Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз