Басты жаңалықтарҚоғам

Жүректі тебірентер хаттар

Астана мен Алматыда «Тілектер шыршасы» деген қайырымдылық акциясы басталды. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

 

Шара барысында  Аяз атаға хат жазған 60 баланың арман-тілектері орындалмақ. 27-ші желтоқсанға дейін жалғасатын акцияға 3 және 15 жас аралығындағы балдырғандардың хаттары қабылдануда. Олардың басым бөлігі Аяз Атадан қыстық аяқ киім мен сырт киім сұрайды. Осы мақсатта Астанада Республика бойындағы, ал Алматыда Медеу ауданындық Халыққа қызмет көрсету орталығында екі шырша қойылған. Осыған байланысты кез келген қазақстандық шыршаға ілінген балалардың хаттарын оқып, тілектерін орындау мүмкіндігіне ие.

МҰРАТ ЖҰМАНБАЙ, АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

«Кейбір хаттар өте тебірентеді, оқыған кезде. Мысалы 14 жасар бала жазған. Оның жазғанына қарағанда, маған ешқандай сыйлық керек жоқ. Бірақ, менің артымнан ерген үш інім бар. Олар мынадай-мынадай сыйлықтарды ұнатады. Соларға сыйлық берсеңіздер, маған сол да жеткілікті дейді».

Басқа материалдар

Back to top button