Басты жаңалықтарМәдениет

Жүрсін Ерман айтыс жүргізетін адам таппай жүр екен (видео)

Жандарбек Бұлғақовқа сұхбат берген Жүрсін Ерман осылай деді.

Өзінен кейін айтыстың тізгінін кім ұстауы мүмкін деген сауалға жауап берген ұлттық өнердің жанашыры болашақ тұрмақ,  жуырда өтетін ақындар аламанын  жүргізетін адам таппай отырғанын айтып қалды.

Сөз арасында айтыстың аңтаңгері ақындарға қазылар баға берер кезде де дауысымен, қолының қимылы арқылы белгі беріп, ықпалын тигізетінін жасырмады.

 

Сұхбат соңында Жүрсін Ерман танымал  ақындардың суретіне қарап, кіммен кімді айтыстырса,  қайсысының басым түсетініне баға берді. Әсіресе, депутат болып кеткен ақындарға келгенде біраз күмілжіп қалды.

Басқа материалдар

Back to top button